20 мау, 2022 сағат 19:04

Тоқаев Дохада өтетін экономикалық форумға қатысады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ертең, 21 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі, шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін "Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу" атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады", - делінген хабарламада.

Ал 23 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесетіні хабарланды.