Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен келді, - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.