Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банке инфляцияны 8,5%-тен асырмауды тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.
Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте азық-түлік бағасына да тоқталды.
"Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайызды құрады. Егін жинау науқаны аяқталғанымен, көкөністердің бағасы шарықтап тұр. Басқа да азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап барады. Менің тапсырмам бойынша делдалдық әрекеттерді анықтау жөніндегі аймақтық комиссиялар құрылды. Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген. Нәтижесін Президент те, халық та көріп отырған жоқ. Президент Әкімшілігі осы мәселені зерттеп, бір апта ішінде есеп беруі керек", - деді Тоқаев.