22 там, 2018 сағат 09:38

Тоқаев: Астана нөсер жаңбырға дайын емес

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев нөсер жаңбырдан кейін Астананың кей тұстарын су алып кетуге қатысты шұғыл шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Президенттің тапсырмасына қарамастан, Астана нөсер жаңбырға және басқа да табиғи құбылыстарына ұдайы дайын емес. Содан Астана тұрғындары зардап шегуде және оның халықаралық абыройына нұқсан келуде. Бұл мәселені елорданың 20 жылдығына дейін шешу керек еді. Сенаторлар шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында.

Айта кетерлігі, қала әкімдігінің мәліметінше Астанада 20 тамыздан 21-іне қараған түні жаңбырдың бір айлық мөлшері жауған.