Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда трамвай қозғалысын тоқтату шешіміне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Трамвай қатынасын алып тастау, меніңше, пікірталас тудырған шешім болды. Рельстерді жөндеп, трамвай паркін жаңалау керек еді. Сөйтіп, қаладағы трамвайды қалдыруға да болар еді. Көліктің осы түрі Еуропаның көптеген қаласында тәп-тәуір қызмет етіп жүр. Дәл осы жағдай қала басшылығының мамандармен, жұртшылық өкілдерімен кеңесуі қажеттігін дәлелдей түсті», - деді Мемлекет басшысы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған отырыста.
Еске салайық, Алматыда трамвайларға қатысты жол-көлік апаттарының саны көбейген соң, 2015 жылы жолаушыларды қоғамдық көліктің бұл түрімен тасымалдау тоқтатылған еді.