Мемлекет басшысы О.С. Лиді ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін "Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры" РМҚК актері Олег Сафронович Ли ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.