11 мау, 2023 сағат 13:55

Тоқаев Абай облысында өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап көрді

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.

Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo