04 там, 2020 сағат 18:43

Тоғжанов «СҚ-Фармацияға» коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын құруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығына коронавирустың екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

Отырыста «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығының есебі тыңдалды, онда стационарлардағы дәрілік заттардың бір айлық қоры туралы баяндалды. Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 емдеу үшін екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтарды үйде емдеу үшін қажетті қор құруды тапсырды.