29 нау, 2022 сағат 11:28

Тоғжанов «Қазақстан халқына» қорынан көмек ала алмай жатқан науқастар туралы: Менің атыма өтініш жазсын


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Қазақстан халқына» қорынан көмек ала алмай жатқан мұқтаж науқастарға не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан халқына» қорынан көмек сұрап, бас тартқан жауап алған соң өз ақшаларына емделіп жатқан мұқтаж насуқастар бар. Мұндай адамдар не істеуі керек? Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Ералы Тоғжановқа осындай сұрақ қойды. 

«Енді өмір болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Өмірдегі әр түрлі жағдайдың бәрін ескере аламыз деп айту қиын ғой деп ойлаймын. Емдеудің стандарттары бар. Соған байланысты аурулардың түрлері де көп екенін жақсы білесіздер. Сондықтан әсіресе қиын емделетін ауруларға байланысты, өте қымбат тұратын ауруларға байланысты, сөз жоқ, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасыен осы қор құрылған болатын. Бүкіл мәселе мүмкіндігінше сол қорда қаралады. Жекелеген азаматтардың сұрақтары болса, менің атыма тікелей өтініштерін жазсын. Мен оны қорға жіберемін, сол жерде қарастырамыз», - деді вице-премьер.