Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты соққыға жығылған. Оны бұзақылар тізерлеп отырғызып, тепкінің астына алған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Формамды алып өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы.
Қаскөйлер полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған.