09 там, 2022 сағат 15:14

"Тіс іздері бар жүгері". Қостанай облысында 5 жасар қызды іздеу жалғасып жатыр


Қостанай облысында жоғалған Мәдина Ерланқызын іздестіру кезінде табылған тістелген жүгері сараптамаға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанай облысында жоғалған бес жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданған. Алқаптан табылған тіс іздері бар жүгері сараптамаға жіберіледі.

"Жұмыс істеген аумақты ескеріп, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейеді: Жамбыл кенті - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы және Самир кенті. Таңертең екі тікұшақпен және бір ұшақпен әуе патрульдері жүргізіледі. Олардың бірінде тепловизор бар", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол бойында полицейлер су мен тамақ тастап кетіп жүр.