Фото:krguo.edu.kz
Білім саласы қашанда өзекті тақырып. Президент биылғы жолдауында ғана емес, үнемі білім мен ғылымды дамытуды алға тартады. Себебі ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры.
Заманауи мектептің міндеті табысты адамның имиджін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау. Жас ұрпаққа сапалы білім беру мемлекеттің жауапкершілігі. Осы тұста елімізде қолға алынған бірқатар жобаларды атап өткен жөн.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Ол орта білім беру саласындағы үш негізгі мәселені шешуге бағытталған:
- апатты мектептерді жою;
- үш ауысымды оқытуды жою;
- оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу
Ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда 369 орта білім беру нысанын салу жоспарланған. Бұл екі ауысымда кемі 740 мың жаңа оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.
Биыл жаңа оқу жылында елімізде аталмыш жоба аясында 20 нысан қолданысқа берілді. Екінші кезеңде 2024 жылдан бастап 2025 жылдың соңына дейін 151 мектеп салу көзделген.
Ең көп мектептер Түркістан, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары сияқты оқушы орындарының тапшылығы қатты сезілетін тығыз қоныстанған өңірлерде салынбақ.
Жоспарланған 369 жайлы мектептің 44% ауылдық жерлерде, ал 56% қалаларда салынады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 2,38 трлн теңге бағытталды.
Жайлы мектептердің ерекшеліктері мен артықшылықтары:
• Жайлы мектептердің ауданы қарапайым білім ошақтарына қарағанда 15-20% кеңірек, ал техникалық жабдықталуы 4 есе артық болады;
• жалпы білім беретін мектептерден айырмашылығы – жаңа мектептерде 3-4 спорт залы болады;
• мектеп аумағында спортпен шұғылдануға және басқа да іс-шараларға арналған алаңдар жасалады;
• ерекше балалар үшін кедергісіз орта қамтамасыз етіледі: пандустар, лифттер, арнайы дәретханалар және инклюзивті білім беру кабинеті;
• сыныптарда заманауи компьютерлер мен интерактивті тақталар орнатылады;
• бейнебақылау және кіріп-шығуды бақылау жүйелерін орнату арқылы мектеп аумағы мен ішіндегі қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, Президент Үкіметке жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруды тапсырды. Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керегін ескертті.
Мемлекет кепілді төлемдер үшін қыруар қаражат бөледі. Оның ішінде жекеменшік мектептерге берілетін қаржы да бар. Мысалы, 250 мыңнан астам бала оқитын жекеменшік мектептерге биылдың өзінде бюджеттен 134 миллиард теңге бөлінді. Ата-аналар мемлекеттің жеке меншік мектептерге нақты көмек беріп жатқанын білуге тиіс. Осыған орай әр балаға норматив бойынша бөлінген қаражат көрсетіліп тұруы қажет. Сонда азаматтарымыз әлеуметтік бағдарламаларға бөлініп жатқан қаржы туралы шынайы ақпараттан хабардар болады.
Бұдан бөлек «Қазақстан халқына қоры» білім беру саласында ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту жобасын қолға алды. Жоба қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және Қазақстанның 17 аймағындағы қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын жоюға бағытталған.
Бұл шағын мектептерге ресурс-орталық болатын әлеуеті бар көшбасшы мектеп. Мектеп таңдалған соң "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 250 млн теңгеге толық жабдықталады. Физика, химия, STEM, робототехника, биология сынды бағыттағы кабинеттер мен арт-студия, қыздар мен ұлдардың еңбек шеберхалары сынды кабинеттер. Тіпті TV-студия да бар.
Бұл жобаның бес міндеті бар. Ол – ауыл мектептеріндегі оқыту технологияларын жетілдіру, тірек ауыл мектептерін материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтандыру, тірек мектептердің тәжірибесін өңірдің мектептеріне, оның ішінде шағын жинақты мектептерге дәріптеп енгізу. Төртінші – мектепті ауылдың комьюнити-орталығы ретінде дамыту. Бесінші – қоғамда жаңа мінез-құлқы үлгісін қалыптастыратын дұрыс құндылықтар жүйесі бар қамқоршы қазақтардың қауымдастығын қалыптасуы.
Тағы бір ерекшелік - жыл сайын тірек мектептердің оқу көрсеткіші тексерістен өтеді. Бірақ, бұл анализдің нәтижелері тек мектеп ұстаздарына жекелей көрсетеді. Осы арқылы мұғалімдер тек өздерін ғана бағалап, қарай алады. Яғни, облыстық әкімдік те, басқалары да әр ұстаздың жеке көрсеткіштерін көре алмайды.
Білім беру саласын тұрақты дамыту қорының қызметкері Ернар Сеитахмет қордың негізгі бағыттары мен мақсаттарын айқындап берді.
«Қор - ауыл мектептерін қолдаумен айналысады. Қазіргі ең үлкен жобамыз - тірек мектептер желісін құрады. Мақсатымыз - 2026 жылға дейін еліміздің 169 ауданы мен 27 моноқаласында бір бір тірек мектеп ашу.
Тірек мектептер желісіне қосылатын мектептер тізімін облыстық білім беру басқармалары ұсынады. Ары қарай бұл тізім бізге ұсынылады. Біз оларды өзіміздің жоба талаптарына қаншалықта сай келетінін тексереміз. Барлық мектеп тексерілген соң Оқу-ағарту министрлігіне жіберіліп, тізім келісіледі», - деді ол.
Тірек мектебі дегеніміз не?