Қазақстанның сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. 2018 жылдың алғашқы 8 айында 21,6% (59,8 млрд АҚШ доллары) өсім байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасында айтты.
«Экспорт 28,2% (39,1 млрд АҚШ долларына) өсті. Бұл мұнайды (45,4%), агроөнеркәсіп кешені өнімдерін (30,1%), мұнай газдарын (30,2%), алюминийді (24%) және мыс кендерін (12,5%) жеткізудің артуына байланысты», - деді министр Үкімет отырысында.
Өз кезегінде импорт 10,8% (20,8 млрд АҚШ долларына) өсті. Көбінесе ол импортталатын инвестициялық тауарлар (машина және жабдықтар) есебінен өскен.
«Инвестициялық тауарлар импортының өсуі 20,4% құрады. Сондай-ақ, қара метал және фармацевтика өнімдерінің импорты тиісінше 15,8% және 13,6% өсті», - деп өз сөзін толықтырды Т. Сүлейменов.