Елдегі төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне бағынышты оқу орындары қашықтан оқыту шараларын қолға алуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Елдегі төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты оқу орындары қашықтан оқыту бойынша шараларды қолға алды. Мәдениет, өнер және спорт саласы бойынша білім беретін ұйымдар оқу процесін Білім және ғылым министрлігі ұсынған нұсқаулар мен әдістемелік материалдарды сынақтан өткізіп келеді. Мектеп-интернат, колледж ұстаздары әсіресе, шалғай елді мекендерде тұратын балалардың жағдайын жан-жақты зерделей келе «Күнделік», «Googl klass room», «ZOOM», «WhatsApp», «Telegram» сияқты 5 платформаны қолданады», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша ұйымдастыру барысында ЖОО-мен қатар басқа да білім беру орындары «АИС Platonus» және MOODLE, Zoom платформаларына көшті. Ал Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы да мемлекеттік тілді онлайн оқытуды бастап кеткен.