14 там, 2024 сағат 10:08

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған екі астаналық бас бостандығынан айырылды


TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғаны үшін екі астаналық бас бостандығынан айырылды. 

Прокуратураның мәліметінше, олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде "Зарик" атты құмар ойынын өткізіп, 34 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

"Ойынның шарты бойынша тікелей эфирге қосылған азаматтар ұтыс алу үшін аты-жөні мен жеке телефон нөмірін көрсете отырып, ұйымдастырушының есепшотына 500-ден 4000 теңгеге дейін белгіленген соманы жіберген. Бір ойын тек екі қарсылас арасында өтті. Ұтыс жеңімпазы үш ойын картасының текшелерін айналдыру арқылы анықталды", – делінген хабарламада.


Сот Астананың екі тұрғынын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.