Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев және Пәкістан премьер-министрі Имран Хан қол алысып тұр. Шілде айы, 2021 жыл.
Наурыз айында үнді трейдері бірінші рет Пәкістан мен Ауғанстан арқылы Өзбекстанға тауар жолдады. Бұл туралы The Diplomat басылымы жазды, деп хабарлайды Азаттық.
Басылым мәліметінше, жүкте негізінен Үндістанда өндірілген қант болған.
Жүк алдымен Үндістаннан пәкістандық Карачи портына, одан Ауғанстанға барған. Кейін Кабулдан Мазари-Шарифке, одан Өзбекстанның Термез қаласына жеткізілген.
Үндістаннан жеткізілген тауар Өзбекстанның Ресей мен Иран тауарларына тәуелділігін азайтуы мүмкін.
Өзбекстан үшін Ресей әлем нарығында басты әріптес болып келген. Бүгінгі күнде екі ел арасындағы тауар айналымы 7,5 млрд доллар. Өзбекстан – әлемдегі теңізге шығатын елдермен шекарасы жоқ екі елдің бірі. Сол себептен Өзбекстан ірі әлемдік нарықтан тысқары қалып келеді.
Бірақ Шавкат Мирзияев билікке келгелі бұл мәселе шешіле бастаған.
Басылымның жазуынша, кейінгі кезде ресми Ташкент оңтүстік көршілерге көбірек көңіл бөле бастаған. Ташкенте әсіресе Пәкістан теңізіне қол жеткізу маңызды. Биыл наурыз айында екі ел сауда байланысы жөнінде келісімге келген. Келісімге сәйкес, екі ел 34 тауардың түріне кеден салығын 20-дан 100 пайызға түсіреді.
Былтыр Өзбекстан мен Пәкістан транзиттік тауар жөнінде келіссөзге қол қойған. Тауар тасымалдауда екі елдің арасында Ауғанстан тұр.
Осыған дейін Термез - Мазари-Шариф - Кабул - Пешавар темір жолын салу бойынша елдер өзара уағдаласқан. Қазір бұл жобаның жүзеге асуына Ауғанстан билігіне келген тәліптер кедергі келтіріп тұр.
Diplomat басылымы Өзбекстанның Пәкістан теңізіне шыға бастауына тағы басқа сыртқа факторлар себеп болды, Қазақстандағы қаңтар оқиғасы, Украинада жүріп жатқан соғыс та Ташкентті алаңдатып отыр деп жазады.