Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдері бірлесе отырып жаһанды дүрліктірген терроризмге қатысы бар деген 59 тұлға мен 12 ұйымның тізімін жасап шығарды, - деп жазады kazislam.kz порталы.
Бұл тізім соңғы уақытта араб түбегіндегі мемлекеттердің Катар елін терроризмді қолдады деген тұжырымынан кейін әзірленген көрінеді.
Аталмыш тізімдегі тұлғалардың басым көпшілігінің ұлты мысырлық пен катарлық болып отыр. Аты аталған азаматтар әлемге үрей салған терроризмді қолдаушы әрі қаржыландырушы деп көрсетілген.
Бұдан бөлек, Катар, Бахрейн, Ливия елдерінде терроризмді қолдайтын 12 ұйым анықталып, осы қатарға енгізілген.