21 мау, 2023 сағат 16:22

Терренкурдағы даулы учаске мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі терренкур маңындағы даулы учаскені мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шаһар басшысының айтуынша, терренкурдегі су қоймасының жоғарғы бөлігі қазір мемлекет меншігінде. Ол иелік ететін жеке тұлғалардан сатып алынған.

"Ол су қоймасының бір бөлігі жекешеде болған еді, бірақ ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында әрі тұрғындардың өтініші бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды. Қазір қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Осы жылдың соңына дейін терренкур жөндеуден өтеді" - деді Досаев.