Оралда жас жігіт терекке ойып, жүректің суретін салған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Оқиға Хан тоғайында орын алды.
Жігіттің қарағайға ойып, жүректің суретін салған әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсті.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері теректі ойған адамды анықтады. Ол Орал қаласының 1999 жылғы тұрғыны болып шықты.
Тұрғынға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 381-1-бабы 2-бөлігіне (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) сәйкес 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.