Қазақстанның екінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 500 турнирі іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 38-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда чехиялық спортшы басымдылық көрсетті - 6:2.
Екіншісінде Юлия Путинцева есе қайырды - 6:4. Ол үшінші, шешуші сетті брейкпен бастағанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады - 4:6.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс жасап, 6 брейкке қол жеткізді.
Осылайша Ю.Путинцева негізгі турнирге өте алмады.