Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда отандасы, дүниежүзілік рейтингте 108-орында тұрған Зарина Дияспен кездеседі.
Әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 110-сатыдағы франциялық Хармони Танды сынап көреді.
Өткен жылы Ю.Путинцева төртінші, З.Дияс үшінші, Е.Рыбакина екінші айналымға дейін жеткен еді.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін анықталады. Тағы үш қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалынан өтсе, А.Бубликтің қатарына қосылып қалуы мүмкін.