Қазақстандық, әлемнің 168-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель ATP 250 турнирін сәтті өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 191-орында тұрған швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
М.Кукушкин 1 сағат 33 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе қойған жоқ.
Осылайша М.Кукушкин Марсель ATP негізгі турниріне жолдама алды.
Аталмыш дода 20 ақпан күні мәреге жетеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Доха турнирінде жекелей және жұптық сында өнер көрсетеді.