
Кортрейк қаласында Қазақстан - Бельгия матчы бүгін қайта жалғасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Дүниежүзілік рейтингте 34-орында тұрған Ю.Путинцева әлемнің 19-ракеткасы Элизе Мертенспен кортқа шықты.
Бірінші партияда бельгиялық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіді.
Тай-брейкті Мертенс жеңіспен тәмамдады - 7:6 (7:1).
Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.
Осылайша Бельгия құрамасы 2:1 есебімен алға шықты. Енді Зарина Дияс пен Кирстен Флипкенс шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бір ұпай беріп қойғанын, Путинцеваның таразы басын теңестіргенін жазған болатынбыз.
