Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Сидней WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда ресейліктер Екатерина Александрова – Натела Дзаламидземен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда ресейлік жұп басымдылық танытты – 7:5.
Екіншісінде Анна мен Беатрис дәл сондай есеппен есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 1 сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында эйс жасамағанымен, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Қарсыластары 3 эйс, 3 брейкке (8 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Данилина мен Хаддад Майя финалға шығу үшін осы жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен таласады.