Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Теңіз кен орнында болған апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында жұмыстар жүргізіледі.
6 шілдеде 10:30 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбырға сынақ жасалып, атмосфералық газ жіберілген. Қысымды көтере алмаған құбыр жарылып, 1985 жылғы екі жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы үш адам дене жарақаттарын алған.
Жарылыстан зардап шеккен жұмысшының біреуі «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты ұшақпен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тағы біреуі Жылой аудандық ауруханасына түсті.