09 ақп, 2023 сағат 10:57

Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы қаза тапты

Фото: azh.kz

Теңіз кен орнында көлік цистернасы жарылып, оқиға салдарынан жекеменшік компанияның бір қызметкері қаза тапты, екіншісі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Түс ауа Теңіз кен орнында адам өліміне әкелген апат болды – WEST DALA компаниясына тиесілі "вакуум" көлігінің цистернасы жарылған. 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, тағы 30 жастағы жұмысшы жарақат алды.

Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Сайт мәліметінше, WEST DALA мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратумен айналысады.