ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев Теңіз кен орнындағы жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Теңіз кен орнында құны 45,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Жобаны 2023 жылы аяқтау күтіліп отыр, бұл өндірісті жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту көлемі 36 пайыз», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі кезде жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, жоба бойынша жалпы прогресс 81 пайызды құрайды.
«2021 жылы жұмыстар прогресінің күтілетін деңгейі 90 пайызды құрайтын болады», - деді Н. Ноғаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін ұлғайтылуы мүмкін.