03 сәу, 2019 сағат 16:03

Теңіз кен орнындағы вахталық кент аумағы өртке оранды (Видео)

Теңіз кен орнында кір жуатын үй өртенді. Оқыс оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, видеода Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнының вахталық кенттерінің бірінде болған өрт түсірілген. Сейсенбі күні кешкісін онда мердігер компаниялардың біріне тиесілі кір жуатын үй жанған.

Жалын 140 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде ешкім зардап шекпеген.