Еліміздегі ең ірі 3 мұней кен орнынан 3,3 млрд теңге міндетті төлемдер мен салық түскен.
Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен ел алдындағы есептік кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Еліміздің үш ірі мұнай кен орны – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарында 53,8 млн тонна мұнай және 44 млрд текше метр газ өндірілді. Салынған инвестицияның көлемі – 5,2 млрд доллар. Міндетті төлемдер мен салықтан 3,3 млрд доллар түсті. Қазіргі таңда бұл кен орындарында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр», - деді министр.
Сондай-ақ, ол биыл өндірілетін мұнай мен конденсат көлемі былтырғыдан аз болатынын ескертті.
«Биылғы жоспар бойынша әлемдегі шектеулерді ескере отырып, 85,3 млн тонна мұнай мен конденсат өндіреміз деп отырмыз. Оның ішінде экспортқа 67,5 млн тонна мұнай өнімін шығарып, 17 млн тоннасын өзімізде өңдеп, 12,4 млн тонна мұнай өнімін ішкі нарыққа жолдаймыз», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, 2020 жылдың мұнай және кондентсат өндіру жоспары 90 млн тонна болғанымен, жыл қорытындысы бойынша 85,7 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілген. Соның 68,6 млн тоннасы экспортқа жөнелтілсе, 15 млн 800 мың тонна ел аумағында өңделіп, 11,5 млн тонна өнім алынған.