Соңғы 2 айда валюта нарығындағы жағдай құбылмалы болды, ол еркін өзгермелі бағам жағдайында сыртқы факторларға қалыпты әсер етті. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ол 26 қыркүйектегі жағдай бойынша теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан бері 8,3%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 359,76 теңге болғандығын атап өтті.
«Теңгенің әлсіреуі, бірінші кезекте, сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, бұл АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсуі салдарынан АҚШ долларының дамушы елдердің валютасына қатысты жалпы нығаюымен байланысты. Жыл басынан бері Түркияның ұлттық валютасы 62%-ға, Үндістанда 14%-ға, Қытайда 6%-ға әлсіреді. Сонымен қоса, әлемде доллармен салыстырғанда дамушы елдердің ғана емес және кейбір дамыған елдердің валюталары да әлсіреуде. Австралияда – 8%-ға, Жаңа Зеландияда - 6%-ға, Канадада 3%-ға әлсіреді», – деп түсіндірді Д. Ақышев.
Ұлттық Банк Басшысы рубль мен теңгенің ішінара байланысы негізінен аз уақыт ішінде болғанына қарамастан ұзақ мерзімді кезеңде теңгенің айырбастау бағамы көбінесе Қазақстанның төлем балансының жай-күйімен айқындалатынын атап өтті, ол барлық факторлар жиынтығының іс-қимылын көрсетеді.
«Теріс әсер еткен екінші фактор – келешекте Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдауы туралы хабарлама. Осының аясында Ресей рублінің әлсіреуі жыл басынан бастап 15 % құрады. Біздің бағалауымыз бойынша Ресей нарығында келешекте теріс оқиғаларды күту көбінесе психологиялық тұрғыдан әсер еткеніне басты назар аударғым келеді, өйткені Ресейдің төлем балансының іргелі факторлары Ресей рублінің әлсіреуіне себептің жоқ екенін көрсетеді», – дейді Д. Ақышев.
Сонымен қатар, Д. Ақышев халыққа және кәсіпорындарға айырбастау бағамының құбылмалылығы талаптарында қажеттілік болмаса активтерді бір валютадан басқасына аудармаған жөн екенін атап өтті. Баға белгілеу шегінде валюта сатып алу жинақ ақшаны жоғалту тәуекелін ұлғайтады.