27 қаз, 2022 сағат 15:28

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерме өседі


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемені ұлғайтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"27 қазаннан бастап Қазақстан Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін көтеруге байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қазан және қарашасына мерзімсіз депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді жоғарылатуға қарай қайта қарады", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын мөлшерлемелер биыл 27 қазаннан бастап күшіне енеді.

Банктерге теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтеру ұсынылады:

  • мерзімді депозиттер бойынша – максимум 16,5 пайызға дейін;
  • жинақтаушы – максимум 17,5 пайызға дейін.