Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар бағамы 4, 80 теңгеге арзандап, 436, 85 теңгені құрады.
Ал АҚШ валютасының 4 мамырдағы ресми бағамы 441, 64 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 440,15 теңге, сатып алу – 443, 60 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 437,88 теңгеден болса, сатып алу құны – 441,10 теңге.