13 мам, 2022 сағат 16:40

Тенге қайта нығая түсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,13 теңгеге төмендеп, 427,84 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13 мамырдағы ресми бағамы 434,76 теңгеге тең еді.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 432,42 теңге, сату - 438,42 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,03 теңгеден сатып алынып, 435,42 теңгеден сатылып жатыр.