29 нау, 2022 сағат 17:20

Теңге бүгін де нығая түсті


Доллардың теңгеге қатысты бағамы бүшін де күрт төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 12, 44 теңгеге төмендеген. 

Қазір АҚШ долларының орташа бағамы 471, 30 теңгеге тең. 

Ал, Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 484, 49 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 461, 95 теңге, сатып алу – 467,26 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 459, 81 теңгеден болса, сатып алу құны – 465, 13 теңге.