13 қыр, 2022 сағат 16:44

Теңге бағамы сәл өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,40 теңгеге көтеріліп, 473,45 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 13 қыркүйектегі ресми бағамы 471,99 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 473,78 теңге, сату – 478,01 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,07 теңгеден сатып алынып, 477,06 теңгеден сатылып жатыр.