Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1,10 теңгеге құлдырап, 1 доллар 423, 87 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 05 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 423,81 теңге, сатып алу – 425,38 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,06 теңгеден болса, сатып алу құны – 425, 24 теңге.