Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесінде доллардың теңгеге шаққандағы бағасы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша доллар 3 наурыздағы кешкі уақытпен салыстырғанда 0,42 теңгеге төмендеді, яғни, 1 доллар - 419,41 теңгеге жетті.
Қазақстан Ұлттық банкінің 4 наурыздағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 419,87 теңгені құрады.
Айту керек, теңге апта басында айтарлықтай әлсірегенмен қайта нығаю үстінде.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматыда ақша айырбастау орындарында доллар 418,75 теңгеден сатып алынады, бір доллар 420,27 теңгеден сатылады. Нұр-Сұлтанда - сәйкесінше 418,67 және 419,32 теңге.