Фото: ашық дереккөз
2023 жылдың желтоқсан айында Солтүстік Қазақстан облысының Жұмысшы ауылында қатыгездікпен жасалған қылмыс елді дүр сілкіндірді. Белгісіз адамдар бүтін бір отбасыны – ерлі-зайыптылар мен олардың 17 жастағы ұлын бауыздап өлтірген. Бұл оқиға жерлеу қызметтері нарығындағы бәсекелестікпен байланысты болғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттігі Social Media-ға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды: жеке кәсіпкер Е., оның қызметкері О., және олардың сыбайласы С. Олар жерлеу бизнесіндегі бәсекелестерінен арылу үшін саналы түрде осындай қылмысқа барған. Қаза тапқан отбасының иелігіндегі ұйым тендерлердің басым бөлігінде жеңіп шығып отырған, бұл күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге баруына себеп болған.
Қылмыс жасалған кезде отбасының жалғыз тірі қалған мүшесі – қызы, Ресейде туыстарының үйінде болған. Қазір бұл қылмыс бойынша тергеу жалғасуда, ал күдіктілерге адам өлтіру және басқа да ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды.