19 ақп, 2020 сағат 11:05

Теміртаулық полицейлер суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Теміртау қаласының полиция қызметкерлері техникалық суға толы шұңқырға батып бара жатқан 11 жастағы баланы құтқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

18 ақпанда Теміртау қаласының 117 орамында «ArcelorMittal Теміртау» АҚ су құбыры жарылып, осыған байланысты патрульдік полицейлер жол қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болған. Сағат 18.00-ге жуық патрульдік нарядқа әйел адам жүгіріп келіп, шұңқырға батып бара жатқан баланы құтқаруды сұрады.

Теміртау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Асхат Жәкенов дереу оқиға орнына келіп, суға белуардан кіріп кеткен баланы көрген. Тәртіп сақшысы баланы суға толы шұңқырдан шығарып алып, арқасына отырғызып, оны қауіпсіз жерге алып шыққан. Патрульдік машинада оқушының су болып қалған аяқ киімі мен киімдерін шешіп, баланы полицейдің күртешесіне орап орап алған.

«Асхат Джакенов баладан анасының телефон нөмірін біліп, онымен байланысып, баласының суға түсіп, оны шығарып, үйіне жеткізетінін хабарлады. Анасы ұлын үйдің ауласында күтіп тұрды», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Алайда, 117 орамдағы үйлерге кірме жолдар су астында қалғандықтан патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны Әсет Бұланбаевқа баланы өз күртешесіне орап, Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлеріне беруге тура келді. Құтқарушылар баланы үйге жол талғамайтын көлікпен жеткізді.