видео кадры
Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол ер адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлаған.
"Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.
Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына ("Бопсалау") сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды" - делінген хабарламада.