Текелі қаласында қоғамдық орында ішімдік ішкен азаматтар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен Текелі қаласының азаматтары А мен Б.-ға қатысты және ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігімен азамат Д.-ға қатысты әкімшілік істер қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар Текелі қаласы, Әуезов көшесінде орналасқан саябақта алкогольдік ішімдік ішіп, аулаға яғни белгіленбеген орынға бөтелкені тастаған.
Сонымен, Д. әкімшілік жаза бергелі бір жыл өтпей, қайталап ортақ пайдалану орнын ластап қасақана ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушылылар әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанын толық мойындады.
Соттың қаулысымен азаматтар А. және Б. ҚР ӘҚБтК-ң 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 3 (үш) тәулікке, ал азамат Д. ҚР ӘҚБтК-ң 434-бабының 2-бөлігімен 5 (бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев қоғамдық орында үш ер адамның алкаголді ішімдікті ішіп жатқан жерінен бейнежазба жариялаған болатын.