Алматы облысының Текелі қаласында өзеннен баланың мәйіті табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2 мамыр күні кешкі сағат 18:51 шамасында төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне өзенде баланың мәйіті қалқып жүргені жөнінде хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қора өзенінен 2018 жылғы баланың мүрдесін алып шықты», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері су қоймаларында бір бала батып кеткен. Мамандар балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеді.