Алматы облысындағы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев қоғамдық орындарда алаңсыз ішімдік ішетіндермен күрес бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін менің қабылдауымда қала тұрғыны бір әйел келіп күйеуінің күнде арақ ішетінін айтып, жасырын түрде сатылатын арзан арағына тосқауыл қоюды сұраған болатын. Ал, кешке өзім қала аралап жүріп мынандай масқараға тап болдым. Полиция бастығы Ұ. Садықов және кірістер басқарма басшысы Қ. Нұрғалиев шұғыл шара қолданыңыздар», - деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында Б.Өнербаев.
Сондай-ақ, шенеунік оқиға орнынан бейнежазбаны жүктеген. Видеода үш ер азаматтың емін-еркін қоғамдық орында ішімдік ішіп отырғанын көруге болады.
Бақтияр Өнербаев ер азаматтарға өз наразылығын білдіргеннен кейін бейтаныс адамдар ішімдіктерін тастап қашқан.