«Еңбек мобильдiгiн арттыру бойынша биылғы жылы 699 адам жоғары экономикалық әлеуеті бар елді мекендерге көшірілді, оның 50%-ы тұрақты жұмыспен қамтылды», – деп баяндады Т. Дүйсенова.
Сонымен қатар, үшінші бағытта 5 210 адам кәсіби мобильділігін арттыру үшін тегін оқу мүмкіндігін алды. Олар сондай-ақ тұрғылықты жеріне және жол ақысына субсидия түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. 3761 қатысушы оқуын аяқтады. 25,5 мыңнан астам мақсатты топтардың өкілдері әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне орналастырылған.
Жыл басынан берi «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 116 мың адамға жұмысқа орналасу бойынша қолдауға ие болған. Оның 70 пайызы немесе 81 мың адам тұрақты жұмысқа және 30 пайызы уақытша жұмысқа орналастырылды.
Министр баяндағандай, БҚО, Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру деңгейi төмен.
Жалпы алғанда, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 210,9 мың жаңа жұмыс орны құрылды, ауылдық жерлерде – 102,9 мың. Жұмыс орындарының басым бөлігі сауда орындарында құрылды – 25,6 мың, құрылыста – 22 мың, өнеркәсіпте – 16,1 мың. Жаңа жұмыс орындарының жалпы санының 63,2% – тұрақты, қалғандары – уақытша және маусымдық.