Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің ресми белгіленгеніне 5 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Аталған іс-шараға Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары М.Бекбаева мен З.Кузиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және т.б. қатысты.
«Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өте отырып, Алғыс айту күніне ерекше мән-мағына беріліп отырғаны белгілі. Біз тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуының бастауларында болған адамдарға айрықша алғысымызды білдіргіміз келеді. Ең алдымен, біз ата-бабаларымыздың азаттық пен егемендік туралы ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырғаны үшін Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа терең алғысымызды білдіруіміз керек. Сонымен қатар, заманауи сын-қатерлерге бейімделген сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың қазіргі заманғы жағдайында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалармен қатар қоғамдық сананы жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өткім келеді», - деді Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, қоғамды рухани жаңғыртудың маңызды бағыты саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі ауқымды жұмыстарды аяқтау болуы керек.
«Рас, тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халықтар үшін қазақ жері нағыз баспанаға айналды. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, әділетсіз сотталғандардың адал есімін қайтару – міне, біз өзімізге ризашылық білдіретін ұрпақтардың жадында осыны қалдыруымыз керек. Бұл сондай-ақ, ашаршылықтың қайғылы салдарына, «Алаш» қозғалысының жетекшілерін жоюға, көптеген шынайы патриоттардың тағдырына, халқымыздың тарихын бұрмалау әрекеттеріне де қатысты», - деді Қырымбек Көшербаев.
Сонымен бірге, дөңгелек үстелге қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілеген Алғыс айту күнінің 5 жылдығының біріктіруші маңызын, қазақстандық құндылықтар - ұлттық бірлік пен келісімді, қоғамдық ынтымақтастық пен өзара қолдауды, достық дәстүрлерін жаңа ұрпаққа жеткізуді бейнелейтінін талқылады.
Сондай-ақ «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» халық экспедициясы» ҚХА жобасының және «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонының тұсаукесері өтіп, білім және денсаулық, азаматтық қоғам саласының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен студенттер сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Алғыс айту күнінің ресми белгіленгеніне 5 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары М.Бекбаева мен З.Кузиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктері мен жастар қанатының өкілдері және т.б. қатысты.