Соңғы онжылдықтарда елдің ел өңірлерінде су тасқынынан 400-ден астам елді мекен зардап шеккен. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жыл сайын көктемде біз су тасқыны құблыстарына тап боламыз. Соңғы онжылдықтарда Маңғыстау облысын қоспағанда, елдің барлық өңірінде ауқымды су тасқынынан 431 елді мекен зардап шеккен, 15 мыңға жуық үй су астында қалды. Ең ірі қайғылы оқиғалар Алматы және Қарағанды облыстарында орын алды, бұл Қызылағаш (2010 жыл) және Көкпекті (2014 жыл) ауылдарындағы бөгеттердің жарылуы салдарынан 50 адам қаза тапты (45/5)», - деді Ильин.
Оның айтуынша, су тасқыны жыл бойы жүріп жатқан 2014 жыл қиын болды.
Ақпан айында Қызылорда облысын, наурыз айында Қарағанды облысын, сәуірде Ақмола облысындағы Атбасарды су басты. Ал 28 шілдеде нөсер жаңбырдан кейін су Көкшетауға келді.
Желтоқсан айында Ертіс өзеніндегі мұз кептелісінің салдарынан Шығыс Қазақстан облысындағы Восточное ауылын да су басты.
Жаңа жыл қарсаңында су Сырдария жағалауынан шығып, Ботабай кентіне жетті.
«Ең көп су 2017 жылы болды. Қазақстанның 7 өңірінде 2 000-ға жуық үй зардап шекті және Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының сол геопозициясы қайтадан су астында қалды. Төтенше жағдай режимі жарияланды, құтқарушылар мен еріктілер тәулік бойы жұмыс істеді», - деді министр.