19 ақп, 2021 сағат 08:25

Тауарларға ілеспе жүкқұжатты растау үшін арнайы чат-бот іске қосылды

Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерінен мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт тауарларына ілеспе жүкқұжаттарды растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін Telegram чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелінген өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді. 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.

«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін @snt-approval_bot теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет» деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Барлық сұрақтар бойынша комитеттің байланыс телефонына +7 701 707 1411 whatsapp мессенджері арқылы хабарлама жіберуге болады.