01 қаң, 2023 сағат 19:17

Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне кірісті

Фото: council.gov.ru

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметіне кірісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге тағайындалды", - делінген ҰҚШҰ сайтында.

Айта кетейік, 2022 жылғы 23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметіне Иманғали Тасмағамбетовты тағайындау туралы шешім қабылдаған болатын.

Ал Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымындағы үш жылдық қызметін аяқтайды.