14 шіл, 2022 сағат 16:57

Алакөлде зардап шеккен 8 жастағы қыздың жағдайы айтылды


Алакөлде ер адамның шабуылынан зардап шеккен 8 жасар қызға амбулаторлық ем тағайындалды. Ол жергілікті ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауруханаға түскен бойжеткеннің миына компьютерлік томография жасалған.

"Алакөл аудандық ауруханасына 2014 жылы туған науқасты ата-анасы әкелді. Оны дәрігер мен кезекші хирург тексерді. Миына томография жасалды. Диагноз - оң жақ маңдай аймағының жыртылуы, оң жақ маңдай-шүйке аймағының көгеруі. Амбулаторлық ем тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Қашан шығатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Алакөл жағалауында белгісіз ер адам демалушыларға тас лақтырғаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шеккен.