02 қаз, 2019 сағат 17:19

Тараздың орталық алаңына Елбасының есімі берілді

Тараз қаласындағы «Достық» орталық алаңына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тиісті қаулы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланған. Құжат мәтінінде аумақ халқының пікірі ескерілгені және 2019 жылғы 24 мамырдағы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы болғаны айтылған. Оның негізінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп, өңірлік мәслихат Тараз қаласының «Достық» алаңын« Нұрсұлтан Назарбаевтың» есімімен қайта атау туралы шешім қабылдаған.

«Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.